
2023 жылғы 20 қарашада жүк көтергіш механизмдерді қолдана отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қ. Қизатов «2023 жылдың 10 айындағы облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі және оны төмендету шаралары туралы» тақырыбында ақпарат берді.
Сондай - ақ, қатысушыларға ҚР ТЖМ ШҚО бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы Р.Болатқан, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы С.Е. Қайырдинов баяндама жасап, ағымдағы жылдың 10 айында облыс кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі талаптардың сақталуы туралы хабардар етті.
Дөңгелек үстелге құрылыс кәсіпорындарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары қатысты.