2023 жылғы 25 тамызда әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

2023 жылғы 25 тамызда әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

2023 жылғы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа кәсіподақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті, Әділет департаменті, "Қазмырыш" ЖШС, "Шығыстүстімет" ЖШС, "Altai тау-кен металлургиялық сервисі" ЖШС және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімнің орындалу барысы және 2023 жылдың 7 айындағы облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды.