
28 сәуір Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні, бұл шара 2003 жылдан бері үздіксіз аталып келеді. Мерекенің тақырыбы мен ұстанымы жыл сайын өзгеріп отырады. Олардың барлығы өндірісте еңбек ететін адамдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған (қауіпсіз жұмыс орындарын ашу, жазатайым оқиғаға және қандайда бір өндірістік жарақат алу көрсеткішін азайтуға, зиянды заттармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын барынша нығайту).
Биылғы Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы «Еңбек саласындағы мәжбүрлеу және қудалау».
Халықаралық еңбек ұйымы (ары қарай - ХЕҰ) жұмыс орындарындағы мәжбүрлеу адамдарды жарақаттануға және өлімге әкеп соғатын өндірістегі қауіпті фактер деп санайды.
Мәжбүрлеу дегеніміз бір адамның өзге бір адамның жаралануына немесе өлімге әкеп соғуына бағытталған алдын ала жоспарлаған қасақана ісі және саналы түрде ойланып істеген әрекеті болып табылады (күш жұмсау немесе өзге де заттарды қолдану арқылы жүзеге асырылған іс).
ХЕҰ Конвенциясында еңбек саласындағы қудалау мен мәжбүрлеу көрсету туралы жазылған №190 Конвенцияның (ары қарай - Конвенция) мәтіні, 2019 жылы 10-21 маусым аралығында Женевадағы ХЕҰ штаб-пәтерінде өткен 108-сессиясында, арнайы Комитеттің жұмыс барысында әлеуметтік әріптестіктің екіжақты келісімімен мақұлданып және ол ХЕҰ жүз жылдығына орай негізделді.
Конвенция еңбек саласының қатысушыларының барлығын қамтиды. Әр азамат мәжбүрлеу пен қанаудан еркін еңбек етуге құқылы болуы үшін, ешкім де жұмыс пен қауіпсіздіктің бірін таңдауға міндетті емес.
Конвенцияның 2 бабына сәйкес, бұл құжатта жұмысшылар мен еңбек саласындағы өзге де азаматтардың, сонымен қатар жалдамалы жұмысшылардың және өзін жұмыспен қамтылғандардың, еңбек келісімшарттарының статусынан тыс, әрі кәсіби дайындықтан өтушілердің, тәжірибеден өтушінін, оқушының, еңбек ету қатынасы біржола жойылғандардың, еріктілердің, жұмыс іздеушілердің, әкімшілік функциясын жүзеге асырушылардың, жұмыс берушінің жауапкершілігі мен оның міндеттемелерін орындаушылар құқығын ұлттық заңнама талаптары мен тәжірибесін ескере отырып, қорғайды.
Конвенция барлық секторларды, яғни, мемлекеттік, жеке, формалды және формалды емес экономиканы қалалық, ауылдық жерлерде бірдей деңгейде қамтиды.
Қолданыстағы Конвенцияны ратифициялайтын ұйымның әр мүшесі, еңбек саласындағы әр азаматтың мәжбүрлеусіз, әрі қанаусыз еркін еңбек ету құқығын жүзеге асыруға үлес қосады және мойындайды.
ХЕҰ әрбір мүшесі, жұмыс берушілер ұйымының өкілі және қызметкер, инклюзивті, кешенді түрде кеңес беру барысында, еңбек саласындағы мәжбүрлеу және қанауды жоюға қатысты ұлттық заңнама талаптарына сәйкес өзгеріс енгізуге және қолдануға құқылы:
1) мәжбүрлеу пен қанауға заңды түрде тыйым салу;
2) мәжбүрлеу пен қанауды жоюға негізделген сәйкес саясаттың болуы;
3) мәжбүрлеу пен қанауды түбегейлі жоюға бағытталған мақсатты шаралар мен кешенді стартегияларды қабылдау;
4) мониторинг жүргізу және заңды қолдану механизмдерін жеңілдету және құру;
5) зардап шегушілерге қолдау және құқықтық қорғау тәсілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік беру;
6) кінәлі тұлғаларды жазалау;
7) жағдайға сәйкес қолжетімді форматта ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу және оқыту әрі кәсіби дайындау арқылы жүйелі дайындық жүргізуді басқару;
8) егер мәжбүрлеу және қанау фактісі орын алған жағдайда мән-жайды анықтау үшін тексеру жүргізуді қамтамасыз ету және еңбек инспекциясының инспекторларымен қатар өзге де орган қызметкерлерінің атсалысуына жағдай жасау.
Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы облыстың барлық жұмысшылары мен жұмыс беруішілерін, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженерлері мен техникалық инспекторларды Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнімен құттықтайды. Ел үшін осындай қиын қыстау кезде бірлігіміз бен берекеміз мығым болсын! Барлықтарыңызға зор денсаулық және қауіпсіз еңбек тілейміз!