
Құрметті жұмыс беруші!
Кәсіпкерлер еліміздің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарады: жаңа жұмыс орындарын құрып, білікті кадрларды дайындаумен айналысады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің дамуын, оның ішінде субсидиялау мен қаржыландырудың әртүрлі бағдарламаларын ұсына отырып қолдайды.
"Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен (бұдан әрі - Жарлық) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу тоқтатылды.
Жарияланған мораторий жұмыс берушінің ҚР еңбек және өзгеде заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Осылайша, мемлекет Сізге бір мезгілде сенеді және Сізге ҚР заңнамасының сақталуын жауапкершілікке алуды жүктейді.
Қызметкерлер-кәсіпорын табысының негізі. Қандай да бағдарламалар әзірленбеген болсада, технологиялар мен қолайлы жағдайлар жасалған, жақсы дайындалған персоналсыз жұмыстың жоғары тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау Жұмыс берушінің аса маңызды міндеті болып табылады.
Осыған байланысты естеріңізге саламыз, қызметкер өз құқықтарын қорғау үшін сотқа немесе басқа да ҚР мемлекеттік органдарына жүгінуге құқылы.
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 152 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Белгілі бір жағдайларда, ҚР еңбек заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін Жарлықтың 1-тармағының 1) тармақшасы шеңберіннде, мемлекеттік органдар, оның ішінде ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінде тексеру жүргізуге құқылы.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802 бабына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тесеру тағайындаусыз және тексеру жүргізусіз әкімшілік іс қозғауға құқылы.
Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырыстарында кәсіпкерлерді шақыра отырып, берешекті өтеу бойынша және еңбек қатынастарымен байланысты өзге де мәселелер қаралады және шешімдер қабылданады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Басқарма азаматтардың еңбек құқықтарын бұзылуына жол берілмеуді ұсынады, оның ішінде еңбекке ақы төлеу бойынша және ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.
Өз кезегінде, еңбек заңнамасының мәселелері бойынша, Сіз Басқармадан кеңес алуға құқылысыз (Карл Либкнехт көшесі, 19, тел. 8/7232/256502, эл. адрес http://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek?lang=ru).
Басқарма басшысы Б. Кизатов