Еңбекті қорғау жөніндегі үздік басшы: «Ақ жол Шығыс» ЖШС-нің директоры Инна Владимировна Устьянцева

Еңбекті қорғау жөніндегі үздік басшы: «Ақ жол Шығыс» ЖШС-нің директоры Инна Владимировна Устьянцева

«Біз үшін басты құндылық – адам, оның өмірі мен денсаулығы»

Риддер қаласында 2019 жылдан бастап жас кәсіпорын «Ақ жол Шығыс» ЖШС табысты жұмыс істейді, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатады және құрылыс-монтажтау жұмыстары бойынша өз қызметін жүргізуде.

2020 жылы кәсіпорынды басқаруды Инна Владимировна Устьянцева өз қолына алды. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің (ШҚМТУ) «су ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша түлегі. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мамандығы бойынша инженерлік-техникалық қызметкердің біліктілік аттестаты бар - инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша мастеры. Бүгінгі таңда мамандығы бойынша жұмыс өтілі 10 жылды құрайды.

Директор лауазымына кіріскен Инна Владимировна команда алдында бірінші кезектегі міндет - кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыру екенін белгіледі.

«Біз үшін басты құндылық - адам, оның өмірі мен денсаулығы. Біз өз қызметкерлеріміздің әрқайсысын зиянды және қауіпті факторлардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етуге міндеттіміз, - деп түсіндіреді директор, - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс қызметкерлердің тәртіптілігін арттырады, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыруға, жазатайым оқиғалардың және өзге де тыс жағдайлардың алдын алуға әкеледі. Осылайша өндірістің тиімділігі мен сапасы артады».

Кәсіпорын «Казцинк» ЖШС нысандарында жұмыстарын жүзеге асырады. «Казцинк» ЖШС-да еңбекті қорғауға жауапты қарайды, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандардың жұмысы жолға қойылған. Объектілерге жаңадан кіргендерге жұмыс жүргізу кезінде олар кураторлық жүргізеді. Жас кәсіпорын үшін бұл жұмысшылардың еңбегін қорғау саласындағы барлық ережелерді, техникалар мен басқа да жағдайларды сақтай отырып, жұмыс процесін ұйымдастырудағы ең құнды тәжірибе болып табылады.

Еңбекті қорғау қызметкерлердің тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген іс-шараларды білдіреді. Мысалы, барлық қызметкерлер кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Ал ауыр физикалық жұмыстарға, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жаңадан қабылданған жұмысшылар алдын ала өткен медициналық тексеру негізінде ғана ресімделеді. Осы іс-шараны орындау үшін «Ақ жол Шығыс» ЖШС Риддер қаласындағы «Амбулаториялық орталық» мекемесінің филиалымен шарт жасасқан.

Алдын алудың тағы бір шарасы - кәсіпорын өз қызметкерлеріне санаторий-курорттық емделуге жолдамалардың бөлігін төлеу шығындарын өз мойнына алады.

Инна Владимировна:

- Биыл қызметкерлерді тағы бір жақсы жаңалық күтіп тұр – біз Бұқтырма су қоймасында отбасылық демалыс үйлерін жалға алуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Казцветметремонт» ЖШС директоры Андрей Владимирович Кандиусовқа алғысымды білдіргім келеді, ол әрқашан жұмыс бабы бойынша нақты кеңестерімен қолдау көрсетеді. Жұмыс үзілістері кезінде қызметкерлеріміздің толыққанды демалысы мен тамақтануын ұйымдастыру үшін өзінің тұрмыстық үй-жайын пайдалануға мүмкіндік берді.

Кәсіпорында қабылданатын еңбекті қорғаудың маңызды шарасы-қызметкерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, жеке сақтандыру жүйесімен, арнайы киіммен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

Барлық жұмысшылар міндетті түрде қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдері бойынша «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер» 12.0.004 - 90 МемСТ белгіленген тәртібі бойынша оқытудан және нұсқаулықтан өтеді. Бірнеше кәсіптер бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар да оқытылады, білімін тексереді және кәсіптердің әрқайсысы бойынша еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық алады. Осы міндеттерді орындау үшін кәсіпорын «Global» оқыту орталығымен жұмыс жүргізуде.

Инна Владимировнаның басшылығымен «Ақ жол Шығыс» кәсіпорнында барлық жұмыс түрлеріне және әрбір кәсіпке (оның ішінде сабақтас кәсіптерге) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленіп, белгіленген тәртіппен бекітілді. Кадрлар айналымының төмендеуіне және еңбек өнімділігінің артуына әкелетін қызметкерлерді материалдық ынталандыру үшін «еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесі туралы ереже (қызметкерлерге еңбекақы төлеу)» енгізілді.

«Мен үшін, кәсіпорын басшысы ретінде – дейді Инна Устьянцева, - еңбекті қорғау бірінші орында тұрады. Кәсіпорын қызметінің ондаған көрсеткіштерінің ішінен мен өз қызметкерлерімнің еңбегі мен денсаулығын қорғауды экономикалық тиімділігімен, персоналдың біліктілігімен және құзыреттілігімен бірге бірінші орынға қоямын».

«Ақ жол Шығыс» ЖШС-ның ұжымына еңбекті қорғауды ұйымдастырудағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.