
«Шығыс-Адалдық алаңы» – жобасының басты мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Аталған жоба аясында, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында азаматтарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған бөлме ашылды, онда әрбір азамат еңбек мәселелері бойынша кеңес ала алады және қажет болған жағдайда жазбаша өтініш қалдыра алады.