
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарлама
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ, 070004, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19,
7-қабат, байланыс телефоны: 256502, e-mail: enbek-i@akimvko.gov.kz
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына (D-O-3 санаты) № 02, еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 126 356,58 теңгеден 170 599,08 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: бөлімге жалпы басшылық жасау; еңбек, жұмыспен қамту және мүгедектердің еңбек құқықтары салаларындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, соның ішінде тексеру, мемлекеттік бақылаудың басқа да түрі арқылы, орындауға міндетті нұсқамаларды беру, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрі арқылы, орындауға міндетті нұсқамаларды беру, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы және хаттамаларды толтыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқа да құжаттарды дайындау; мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және мүгедектердің еңбек құқықтары салаларындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды толық және дұрыс жүргізілуін бақылау; мемлекеттік еңбек инспекторларымен жұмыс берушілерге орындауға міндетті нұсқама, қорытындыларды, сонымен қатар олар толтырған әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы және хаттамалардың негізділігін қарау; өліммен немесе ауыр жағдаймен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру комиссиясының құрамына қатысу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері және мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді және ұйымдастыруды қамтамасыз ету; еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторларының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу және басқарма басшысына бекітуге ұсыну; өз қызметі шеңберінде бөлімдердің қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Білім: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, келесі тараудың мамандықтары бойынша: «Құқық» (құқықтану), «Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит) немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, еңбекті нормалау және ұйымдастыру).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 7 қабат, 706 кабинетіне ұсынылуы қажет.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік, даңғылы, 4.
Анықтама үшін телефон 8(7232) 25-65-02, электрондық пошта арқылы: enbek-i@akimvko.gov.kz
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.