
ҚР Президенті Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының іске асырылу барысын түсіндіру бойынша облыстық басқармалар басшылары мен қалалар мен аудандар әкімдерінің баспасөз-конференциясы кестесі шеңберінде, 2022 жылғы 24 маусымда сағат 11.30-да Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Құрманбекұлы Қизатовтың. «Цифрлық Қазақстан: электрондық еңбек шарттары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Журналистермен кездесуде 2021 жылдың 4 мамырынан бастап ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер (23-баптың 2-тармағы 27 тармақшасы) қаралды, онда жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты, ол бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу міндеті көзделген.
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторларының ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне негізделген билікпен дауларда азаматтардың құқықтарын күшейтуге бағытталған «е-Өтініш» бірыңғай электрондық жүйесіндегі жұмысы туралы.
Мақсаты еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін органдар қызметінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын арттыру, қолайлылық пен жайлылықты арттыру болып табылатын «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі жұмыс туралы.
Баяндаманы мына сілтеме бойынша көре аласыздар https://fb.watch/dR29tirAEk/