
2021 жылғы 27 сәуірде «ШҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Т.Қасымжановтың төрағалығымен он-лайн режимінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қатысуымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қ.Қизатов «Облыс ұйымдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту» тақырыбына ақпарат берді.
Сондай - ақ, «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры А.О. Бексолтан, «Семей цемент зауыты ӨК» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы К.У.Анбиянов, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жұмыскерлері кәсіподағының төрағасы А.В.Феоктистов, «ШҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасының орынбасары К.Д.Қуандықов өз кәсіпорындарында еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.
Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстарды сәтті ұйымдастырғаны үшін облыстың 4 кәсіпорнының жұмыс берушілері мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлері және 5 мемлекеттік еңбек инспекторлары ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.