Меню

Страницы

Статья

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шаралар аясында жеке ұйымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс-әрекеттерді шектей алады

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс беруші толық емес жұмыс уақытын енгізе алатын, икемді жұмыс уақытын белгілейтін, қашықтықтан жұмыс істейтін, тұрақты еңбек демалысы мен ақысыз демалысын ұсынатын бірқатар шаралар қарастырылған.

Егер Сіз, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің қызметкері болсаңыз, онда жұмыс беруші жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеуі керек, бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленеді (ҚР Еңбек Кодексінің 112 бабы). Сондай-ақ, бос тұрып қалу уақытына ақы төлеген кезде әлеуметтік аударымдар (зейнетақы қоры және т.б.) ең төменгі жалақының мөлшерінен алынады.

Егер Сіз, микро, шағын және орта кәсіпорындардың қызметкерлері, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпорындардың қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор), бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың санатына жататын болсаңыз және жалақы сақталмайтын демалыста болсаңыз (ҚР Еңбек Кодексінің 97 бабы), онда Сізге МӘСҚ (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан) ай сайын әлеуметтік төлем 42500 теңге мөлшерінде төленеді.

Ол үшін төтенше жағдай басталғанға дейін 12 ай ішінде МӘСҚ қорына кем дегенде бір аударым қажет. Өтінімді жұмыс беруші (жұмысшының өзі де жібере алады) жұмыспен қамтудың жергілікті органына, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық үндеу» қызметі арқылы, төтенше жағдай кезіндегі қызметіне байланысты шектеулерге байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген қызметкерлердің тізімін қоса береді.

Сонымен қатар, тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту орталығына аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жүгінуге болады. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемнен шегерімдер жасалмайды.

Егер Сіз, қашықтықтан жұмыс істейтін болсаңыз (ҚР Еңбек Кодексінің 138 бабы), онда  қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тұрақты есебі жасалады, бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады. Бұл жағдайда жұмысты орындау шарттары, жұмыс уақытының есебі, шығындар тараптардың келісімі бойынша (жұмыс берушінің актісі, еңбек шарты) белгіленеді, ал жалақы нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.

Дата публикации
28 апреля 2020
Дата обновления
28 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы