Меню

Страницы

Статья

«Шығыс-адалдық алаңы» жобасы

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру мақсатындаШығыс Қазақстан облысында «Адалдық алаңы» жобасы басталғаны белгілі. Осыған орай, өңірде «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру және ШҚО мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру мақсатын тұтып отыр.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Қалалық Полиция басқармасында ашылған «фронт-кеңсе» өте ыңғайлы, жылдам және заман талабына сай қызмет көрсетеді. Тікелей халықпен жұмыс істейтін осы сервистік алаңның ерекшелігі-оның ашықтығы мен қол жетімділігінде.

"Шығыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ренат Нәбиев, жоба өз қызметін 3 блок бойынша жүзеге асыратындығын айтады.

- "Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау";

- "Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру";

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру".

Мәселен, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау» блогында: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және ТҮКШ, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, мемлекеттік кіріс органдары, сот және құқық қорғау органдары, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі сияқты салаларға бөлінген.

Жобаның сапалы іске асырылуы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде басшылар мен әрбір қызметші белсенділік танытқаны абзал.

Дата публикации
17 января 2020
Дата обновления
17 января 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы