Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182-бабы 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші авариялық жағдайдың болуын және травматикалық факторлардың басқа адамдарға әсерін болғызбау бойынша шұғыл шаралар қолдануға міндетті.
Күздік-қыстық мерзімнің басталуына байланысты жарақаттануды және инциденттерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ технологиялық көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін жұмыс беруші жаяу жүргіншілер жолдары мен жол төсемдеріне мезгілмен құм себу және тазалау үшін жауапты адамдарды тағайындауға міндетті. Сондай-ақ, жұмыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың шатырынан қар түсуі мүмкін аймақтарда қоршаулар, белгілер мен ақпараттық тақтайшалар орнатуды, аумақты қардан, мұздан және инертті материалдан тазарту жөніндегі жұмыстарды орындау үшін жарамды және резервтік құралдар мен жабдықтардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Өз кезегінде, қыс мезгілінде ғимараттар мен құрылыстардың шатыр жабындарын апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс беруші шатыр жабындарын қар үйінділерінен тазарту және суағарлар мен сыртқы суағарлардың арықтарында мұздың пайда болуы үшін жауапты тұлғаларды тағайындайды.