ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 187-бабына сәйкес жұмыс беруші зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған жағдайда оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға міндетті.
- тергеу басталғанға дейін еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орнындағы жағдайды (жабдықтар мен механизмдердің, еңбек құралдарының жай-күйін) оқиға болған сәттегідей, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксіздігін бұзу апатқа әкелмесе, сондай-ақ апат болған жерді суретке түсіру;
- жәбірленушінің жақын туыстарын жазатайым оқиға туралы дереу хабардар ету және мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберу;
- бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне кәсіптік ауру немесе улану жағдайларында қызметкерлердің өкілдеріне, жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органы, сондай-ақ жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзіне белгілі болған үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жасалған сақтандыру ұйымын хабардар етсін.
Кодекстің 188-бабына сәйкес, арнайы тергеуге жататын жағдайларды қоспағанда, өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жұмыс берушінің актісімен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу үшін комиссия құру міндетті..
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 96-бабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.