Меню

Страницы

Статья

Егер жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса не істеу керек?

ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап пайда болды деп есептеледі (ҚР Еңбек кодексінің 33-бабының  3-тармағы).

Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады (ҚР Еңбек кодексінің 33-бабының 1-тармағы).

Осыған байланысты, егер жұмыс беруші еңбек шартын жасасудан немесе беруден бас тартса және бұл ретте сіз осы ұйымда жұмыс істеп жатсаңыз, онда Сіз ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына (Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19), сондай-ақ жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуге құқылысыз, (егер Сіз шағын кәсіпкерлік ұйымдарында немесе одан жоғары ұйымдарда жұмыс істесеңіз, 159 және 160-баптар шеңберінде) және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

Басқармаға электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда өтінішті E-otinish порталы арқылы және enbek-i@akimvko.gov.kz электрондық мекенжайға беруге болады.

 

 

 

Дата публикации
15 августа 2023
Дата обновления
15 августа 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы