Меню

Страницы

Статья

Қызметкерлердің скринингтік зерттеулерден өту тәртібі

Сіз жыл сайынғы скринингтік зерттеулерден өту Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін міндетті болып табылатынын және де бұл  Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 80-бабы                                           3- тармақшасымен көзделгенін білдіңіз бе?

Скрининг дегеніміз не? Ең бастысы, оны қалай және қашан өтуге болады?

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте, скринингтік зерттеулер - бұл клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты ерте кезеңде түрлі аурулардың өршуін, сондай-ақ олардың пайда болу тәуекелі факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында медициналық зерттеп қарау кешені деп белгіленген. Скринингтік зерттеулердің уақтылылығы мен сапасын медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган бақылайды.

Сонымен қатар, скринингтен өту үшін Қазақстан азаматтарына әлеуметтік демалыс беріледі, ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, оның ұзақтығы бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайды.  

Сондай-ақ ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1 тармақшасында, жұмыс беруші қызметкерге жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге міндетті екендігі көрсетілген.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 87-бабының 4-тармағында, жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасап, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатуы көзделген.

Жоғарыда көрсетілген кепілдіктер ұжымдық шарттарға немесе салалық келісімдерге де енгізілуі мүмкін.

Қорытындылай келе, азаматтарды әрқашан өз денсаулығына қамқорлық жасауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктерді пайдалануға шақырамыз.

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 августа 2023
Дата обновления
11 августа 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы