Меню

Страницы

Статья

Жаз мезгілінде тазалаушылар мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті ме?

Еңбек кодексінде және өзге де заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерден еңбек шартында көзделмеген жұмыстарды орындауды талап етуге тыйым салынады.

Осылайша, еңбек міндеттері еңбек шартында немесе лауазымдық міндеттерде белгіленуі керек. Жұмыс берушінің еңбек шартында немесе лауазымдық міндеттерінде көзделмеген жұмыстарды орындауға қойылатын барлық басқа талаптары заңмен негізделмеген болмаса, қосымша  жұмыс үшін төленуге тиіс.

Еңбек кодексінің 111 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту.

Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.

Сонымен қатар, мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізген кезде мақсатты нұсқау беру жүргізіледі.

Дата публикации
28 июля 2023
Дата обновления
28 июля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы