Меню

Страницы

Статья

Егер жұмыс беруші жалақыны төлемесе не істеу керек?

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші жұмыскерге берешек және төлем кідіртілген кезең үшін өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады (ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 3-тармағы).

ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, Жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Яғни, жалақыны уақтылы төлемегені үшін жұмыс беруші жауапты болады.

Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, сіз Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19 мекенжайында орналасқан ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқылысыз. Сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда өтінішті E-otinish порталы арқылы беруге болады.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, жоспардан тыс тексерудің негіздерінің бірі сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары болып табылады.

Яғни, тексеру жүргізу үшін жазбаша өтінішке бұзушылықты растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Дата публикации
12 июля 2023
Дата обновления
12 июля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы