Меню

Страницы

Статья

ҚР аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасу шарттары

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 35 бабының 6 тармақшасына, 39 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, 41 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, 43-1 бабы 1 тармағының 6 тармақшасына сәйкес, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келетін, іскер иммигранттар, маусымдық шетелдік жұмысшылар, еңбек иммигранттарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуы міндетті.

2023 жылғы 1 мамырдан бастап ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  26-бабы 1-тармағының 6)тармақшасына түзетулер қолданысқа енгізіліп, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын жүктелген медициналық сақтандыру шарты жоқ шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуына жол берілмейтіні көрсетілген.

Осыған байланысты, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келетін, іскер иммигранттар, маусымдық шетелдік жұмысшылар, еңбек иммигранттары еңбек шартын жасасу үшін жұмыс берушіге медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруды  қамтамасыз ету керек.

Егер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келіп, одан әрі Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға шешім қабылдаған жағдайда, онда олар еңбек шарты жасалғанға дейін жұмыс берушіге медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруды ұсынуы қажет.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 43-бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Осыған байланысты, Кодекстің 26-бабы 1-тармағының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген норма ол енгізілгенге дейін туындаған еңбек қатынастарына қолданылмайды.

Дата публикации
15 июня 2023
Дата обновления
15 июня 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы