Меню

Страницы

Статья

Облыстық келісім мен ұжымдық шарттардың артықшылықтары («Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі шаралар. Жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге ықпал ету» туралы)

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық Келісім Тараптары әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алуға және оларды болдырмауға тікелей қатысады және мынадай алгоритмді іске асырады:

- азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды тұрақты талдау және мониторингілеу;

- жұмыс берушілердің (жалақы бойынша берешегі бар) берешекті төлеу кестелерін орындауы және әзірленген іс-шараларды орындауы;

- еңбек қатынастары саласында бар және анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша практикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу;

- бірлескен іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруда тараптарда бар ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек жанжалдарының алдын алу;

- мемлекеттік органдардың) қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың және дағдарысқа қарсы штабтың отырыстарында атқарылған жұмыс нәтижелерін тұрақты қарау (Тараптар).

- Әлеуметтік әріптестік тараптары, жанжал жағдайының туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорын ұжымдары өкілдерімен ай сайын жұмыс кездесулерін өткізеді (Тараптар).

- Жанжал туындаған жағдайда Тараптар наразылық акциясы орнына дереу баруды ұйымдастырады, себептерін және жанжалды реттеу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда, прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жоспардан тыс тексерулер жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған кезде жұмыс берушілерге тиісті ықпал ету шаралары қолданылады (Тараптар).

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы әлеуметтік әріптестермен бірлесіп еңбек жанжалдарын шешу және оларды болдырмау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі аясында жұмыс жүргізуде.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың 5 облыстық және 32 қалалық, аудандық отырысында және облыстық аймақтағы жағдайды мониторингтеу және бағалау тобының 5 отырысында кәсіпорын басшыларының шақыруымен еңбекақы бойынша берешекті өтеу, жарақаттанудың алдын алу және басқа да түйткілді мәселелер қаралды.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 265 тексеру жүргізіп, 610 өтініш қарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзудың 458 фактісін анықтады, 65 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар барысында 68 кәсіпорында 339,5 млн теңге жалақы берешегі өтеліп, 1115 қызметкердің құқығы қорғалды.

Жыл басынан бері облыс аумағында еңбек жанжалдарына жол берілмеді.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік және облыс кәсіпорындарында еңбек жанжалдарын болдырмау мәселелері бойынша 13 теледидарда баяндама жасалды, баспа басылымдарында 11 материал орналастырылды. 500-ден аса адам қамтылған халықпен және еңбек ұжымдарымен 64 кездесу өткізілді. Семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу -19. Азаматтардың өтініштері бойынша 376 жазбаша түсініктеме берілді, жеке мәселелер бойынша 634 адам қабылданды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер (инстаграм, фейсбук) және интернет ресурстар арқылы ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар бойынша және ҚР Әлеуметтік кодексі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
14 июня 2023
Дата обновления
14 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы