Меню

Страницы

Статья

Жұмысшының құқығын қорғайтын құжат

Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін өңірлік келісім өзекті салаларды қамтыған.

Соңғы жылдары елімізде еңбек қатынастарын реттеуге, әлеуметтік серіктестік орнатуға байланысты бірқатар құжат бекітіліп, еңбек заңдылығының бұзылуына тосқауыл қою бағытында біршама жұмыс атқарылды. Осындай құжаттың бірі осыдан үш жыл бұрын облыстық әкімдік, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасында бекітілген болатын. Жалпы, еңбек қатынастары саласының өзекті салаларын қамтыған Өңірлік келісім аясындағы келісімшарттар жұмыс режимі, еңбекақы төлеу, экологиялық төлемақылар мен басқа да маңызды мәселелерді бақылауда ұстауға мүмкіндік беруде.

Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және адами капиталды дамытуға ықпал етіп отырған облыстық келісім мен ұжымдық шарттардың артықшылықтары:

Жалпы, бұл құжат аясында жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек ресурстарын сақтау және дамыту, еңбек нарығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру сынды мәселелерге аса мән беріледі. Келісім бүгінгі күні жұмыс орындарының сақталуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына, еңбек нарығының қажеттілігіне сай, кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың сапасын арттыруға ықпал етіп отыр.

Сондай – ақ жыл сайын өңір экономикасының дамуына қажетті мамандарды даярлау, жұмысшыларды өндірістен қол үзбей білім алуына мүмкіндік беретін дуальді оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру сияқты салалар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Яғни жұмыс берушілердің сұранысына сай жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтары қажетті мамандарды оқытып шығаруды қамтамасыз етіп отыр.

Бұдан бөлек соңғы жылдары еліміздегі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға еңбек шарттарын электронды форматқа ауыстыру талап етілген. Бұл бірінші кезекте еңбек шарттарының қызметкер үшін қолжетімді болуына септігін тигізсе, екіншіден осы үрдістің ашық бола түсуіне ықпал етпек.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылардың жаппай босатылу қаупі туындаған жағдайда, яғни жұмысшылардың он пайызынан астамы қызметінен босап жатса, жұмыс беруші жұмыспен қамту жөніндегі аймақтық мемлекеттік органға, еңбек инспекциясы мен кәсіподаққа кем дегенде екі ай бұрын хабарласуы керек. Бұл мәселе де аталған шартта көрсетілген. Мұндай жағдайда өзара кеңес жүргізіліп, жұмыстан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жедел шаралар бағдарламасын әзірлеуге күш салынады.

Оған қоса облыстық келісімде ауылдық елді мекендерде тұруға, жұмыс істеуге келген мамандарға көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жағы да қарастырылған. Аталған құжатта қарастырылған тағы бір маңызды мәселе – кәсіпорындардағы шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен алмастыру, осылайша отандық мамандарға артықшылықтар беру. Сонымен қатар жұмыстан босатылған қызметкелерге еңбек шартын бұзу мерзімі келгенге дейін жаңа кәсіпке қайта оқуына немесе жұмыс іздеуіне мүмкіндік беру де көзделген.

Еңбек кодексінде мұндай Келісімдердің әлеуметтік серіктестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім форматындағы құқықтық акт болып саналатыны айқын көрсетілген. Бұл дегеніміз көп жағдайда өзге заңнамалық құжаттарды желеу етіп осындай құқықтық актілердің талаптары мен ұсыныстарын орындаудан жалтаратын жұмыс берушілерден зардап шегетін жұмысшылар үшін таптырмайтын құжат.

 

Дата публикации
12 мая 2023
Дата обновления
12 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы