Меню

Страницы

Статья

Қоса атқарылатын жұмыс кезінде жұмыскерлерге экологиялық төлемдер төленеді ме?

Қоса атқарылатын жұмыс кезінде жұмыскерлерге экологиялық төлемдер төленеді ме?

 

ҚР Еңбек кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге, жіберуші тараптың жұмыскерлеріне, жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.

Яғни, ҚР Еңбек кодексінің күші қоса атқаратын жұмысы үшін жұмыскерлерге қолданылады және олар ҚР Еңбек кодексінің 22-бабында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие.

ҚР Еңбек кодексінің 127-1-бабына сәйкес, экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Яғни, экологиялық төлемдер қоса атқаратын жұмысы үшін жұмыскерлерге төленеді.

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
24 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы