Меню

Страницы

Статья

Экологиялық демалыс келесі жылға аустырыла ма?

ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;

2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.

"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңының 13-бабының 3-тармақшасына сәйкес, 5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.

ҚР Еңбек кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.

Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (ҚР Еңбек кодексінің 92-бабы 1-тармағы).

ҚР Еңбек кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық демалыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының бөлігі болып табылады және тараптардың келісімі бойынша немесе демалыс кестесі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі және келесі жылға ауыстырылады.

 

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы