Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде» Облыстық келісім мен ұжымдық шарттардың артықшылықтары («Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы» туралы)

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде

«Әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде» айдары бойынша

Облыстық келісім мен ұжымдық шарттардың артықшылықтары («Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы» туралы)

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық Келісім Тараптары еңбек жағдайларын, гигиенасын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарайды.

Осы мақсатта Тараптар:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 201 және 202 бабтарына сәйкес, өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Саны 50-ден астам жұмыскер болған кезде жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметті құрады, 50-ге дейін жұмыскер болғанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді (жұмыс берушілер);

кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізуді қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу іс-шараларының кешенін әзірлеу және іске асыру. Жаппай еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) халықаралық стандарттарын енгізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар);

нормативтік құқықтық актілердің белгіленген талаптарына, сондай-ақ салалық келісімдерге, ұжымдық шарттарға сәйкес, жұмыскерлер үшін жасалған еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жағдайын бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер тәжірибесін кеңінен пайдалану (Тараптар);

- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамыту (Тараптар);

- Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру мәселелері қаралсын. Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстарды қарау және іс жүзінде орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуге (Тараптар).

- еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы мәселелерінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта жыл сайын 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық байқау – конкурс өткізіліп, қорытындысын шығаруға (Тараптар).

- еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Өндірістік кеңесті құруға міндетті (жұмыс берушілер).

Сонымен қатар кәсіподақтардың бастамасы бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және ынталандыру үшін 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімде қоғамдық инспекторларға өнеркәсіп кәсіпорындарында ең төменгі жалақының кемінде 1 (бір) мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төлеу туралы тармақ енгізілді.

Облыста еңбекті қорғау бойынша 716 өндірістік кеңес құрылды, оның 85% - ы кәсіподақтардың бастамасы бойынша. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды еңбекті қорғау жөніндегі 1477 техникалық инспектор жүзеге асырады, олар 7,0 мыңға жуық бұзушылықты анықтады және 98% - ға жуығы жойылды.

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы