ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз процестерге ауыстыру жолымен авариялық жағдайдың дамуын және жарақаттаушы факторлардың басқа адамдарға әсерін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 45-тармақшасына сәйкес, жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны.
ҚР Еңбек кодексінің 184-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өз құрылымы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Өз кезегінде, жұмыс берушінің жұмыс жабдығы жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі, тиісті техникалық паспорттары (сертификаты), ескерту белгілері болуы және жұмыс орындарында