Меню

Страницы

Статья

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы қалай төленеді?

«Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты жұмыс берушіге еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақта белгіленген жұмысқа шығатын күні немесе жұмысқа қабілетсіздігі аяқталғанға дейін ұсынады.

Жәрдемақыларды төлеу үшін ұсынылған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары жұмыс берушінің бухгалтериясына тапсырылады.

Жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленеді. Еңбекке жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақы мөлшері 15 АЕК-тен (2023 жылы 51750 теңге) аспауы тиіс.

ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген күнге қарамастан, өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы