Меню

Страницы

Статья

Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмысынан айырылуына және еңбек шартын бұзуға байланысты өтемақы төлемдері?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабы                                1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі (Кодекстің143 бабы).

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (ары қарай - Заң) 56 бабының 4 тармағы бойынша мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Заңда көзделген ерекшеліктер қолданылмайтын, мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем мемлекеттік қызметші қысқартылған кезде, Кодекстің жоғарыда көрсетілген нормасы қолданылуы тиіс, яғни бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемі төленуі тиіс.

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
16 февраля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы