2021 - 2023 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері (қауымдастықтар, бірлестіктер) («ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ, «Қазақстан кәсіподақтары Достастығы «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің АКБФ) және жұмыс берушілердің бірлестіктері (тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (АММК), «ҚР жұмыс берушілердің (Кәсіпкерлердің) Ұлттық конфедерациясы» ЗТБ, «АГРО» тауар өндірушілер қауымдастығының ШҚО филиалы, «ШҚО бойынша орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының Өңірлік Қауымдастығы» ЗТБ) арасындағы сегіз бөлімнен және 120 тармақтан тұратын облыстық Келісім еңбек қатынастарын реттеу, еңбек дауларының алдын алу, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, лайықты еңбекақы төлеу жағдайларын жасау жөніндегі пәрменді тетік болып табылады.
Келісім ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринариялық қызметтер саласының мамандарына жеңілдіктер, көмек көрсету деңгейінің белгілі бір өсуін көздейді. Бұдан басқа, келісімде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын техникалық инспекторларды материалдық ынталандыру айқындалған.
Сондай - ақ, өзгерістер ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес тұратын және аумақтарда зардап шеккен адамдарға қатысты болды. Келісім шеңберінде куәліктің болуына қарамастан қосымша еңбекақы төлеуге және қосымша ақылы демалыс беруге құқығы бар тұлғалар айқындалды.
Әлеуметтік серіктестерге әртүрлі себептермен, соның ішінде 1991 жылдан кейін туылған, біздің аймаққа көшіп келген, «экологиялық куәлік» деп аталған куәліктері болмаған және тиісінше заңда көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктерді пайдалана алмайтын қызметкерлерден көптеген өтініштер келіп түсті.
Әсіресе, 2020 жылдың 04 мамырында ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-бабының 1-тармағы 15-тармақшасына енгізілген қосымша өзгерістерден кейін, онда қандай да бір кемсітушіліксіз, тең еңбек үшін бірдей ақы төлеу мәселесі өзекті сипатқа ие болды.
Айта кету керек, осы күнге дейін кәсіподақтар осы мәселені облыстық Келісімге енгізуге әрекет жасады.
Бірнеше рет талқылаудан кейін қосымша еңбекақы төлеу және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс беру бойынша туындайтын мәселелерді реттеу үшін 2021 жылдың басында облыстық «ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ облыстық Келісімнің 5.23-тармағының радиациялық қатер аймақтарында жұмыс істейтін және тұратын қызметкерлерге, ай сайынғы қосымша ақы төленсін және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыс берілсін. Ай сайынғы қосымша ақының мөлшері және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін демалыстың ұзақтығы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының талаптарына сай анықталсын. Халықты әлеуметтік қолдаудың осы шаралары «зардап шеккен адамның куәлігінің» бар-жоғына қарамастан, ұйымның барлық қызметкерлеріне тиесілігі, ұжымдық шарттарда белгіленсін деген редакциясын ұсынды және оны Келісім тараптары қабылдады.
Келісімнің осы тармағын іске асыру үшін ұжымдық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Ұсыныс Тараптардың кез келгенінен туындауы мүмкін және ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартқа толықтырулар жобасын дайындау үшін Тараптар комиссия құрады. Бұдан әрі комиссия дайындаған ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгерістер жобасын ұйым қызметкерлері талқылайды. Жобаны комиссия келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана жүргізіледі.
Тараптар арасында келіспеушіліктер болған кезде келіспеушілік хаттамасы жасалады. Ұжымдық келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оларды реттеу бойынша одан әрі ұжымдық келіссөздердің мәні болуы мүмкін.
Енді біраз құқықтық аспектілер туралы, өйткені көптеген жұмыс берушілерде Келісімнің құқықтық мәртебесіне қатысты сұрақтар туындайды. Сонымен, Кодекстің1-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, бас, салалық, өңірлік келісім-тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады (Кодекстің 2-бабы).
Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі (Кодекстің 10-бабы).
Сондай-ақ, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті (Кодекстің 23-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы).