Меню

Страницы

Статья

Үздік ұжымдық шарт «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ҚР Еңбек кодексінің 156-бабының                      11-тармағына сәйкес тараптар қол қойған ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға, оңтайлы еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жасауға бағытталған екпінді тармақтары бар ұжымдық шарттар белгіленеді.

Мәселен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында үздіктердің бірі 2022-2025 жылдарға жасалған  «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымдық шарты болып табылады.

Мекеменің ұжымдық шартында кәсіподақтың құқықтары мен мүмкіндіктері, ұйымдағы Тараптар арасындағы қатынастардың жалпы принциптерін көрсететін қызметкерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жазылған. Мысалы: саны немесе штаты қысқарған кезде жұмыстан кетуге басым құқық еңбек өнімділігі мен біліктілік деңгейі жоғары жұмысшыларға беріледі. Еңбек өнімділігі мен біліктілігі тең болған жағдайда отбасында ерлі-зайыптылардың бірі жұмыссыз мәртебесіне ие (кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып) адамдарға артықшылық беріледі.

Жұмыс беруші қызметкерге ұйымда 10 жылдан астам үздіксіз жұмыс істегені үшін 5 күн көтермелеу сипатындағы демалыс береді.

Заңмен кепілдендірілген құқықтар мен жеңілдіктерден басқа, ұжымдық шартта ұйымда 20 және одан да көп жыл мінсіз жұмыс істеген адал жұмыскерлерді көтермелеу, ардагерлер туралы Ережеде көзделген тәртіппен «Кәсіпорын ардагері», «Кәсіпорынның құрметті ардагері» атағын беру; құрылымдық бөлімше басшының және кәсіподақ ұйымының төрағасы өтініші бойынша қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру үшін жолдамалар сатып алу үшін қаражат бөлу көзделген.

Сондай ақ кәсіпорында жастар қозғалысын одан әрі дамыту мақсатында жұмыс беруші міндеттенеді:

- жұмыс кезеңінде ӘК-ге шақырылған және запасқа шығарылған қысқа мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жұмысқа оралған кезде, ұйымда одан әрі кемінде 3 жыл жұмыс істеген жағдайда, еңбек шарты жасалғаннан және жұмысқа шыққаннан кейін оларға екі ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай көмек көрсетуге;

- ұйым қаражаты есебінен қызметкерлерді ҚР оқу орындарына біліктілікті арттыру курстарына жіберу.

«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымына жұмыста сәттілік тілейміз! Табиғатқа берілгендігіңіз үшін, қоршаған ортаның сұлулығы мен бірегейлігін сақтауға қосқан үлесіңіз үшін рахмет!

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
15 февраля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы