Егер Еңбек кодексінде, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарында және жұмыс берушінің актілерінде көп күн көзделмесе, қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн беріледі.
Жұмыскерге жұмыстың бірінші және кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігі қызметкерлердің пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес айқындалады. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының бір бөлігі кемінде күнтізбелік он төрт күн болуға тиіс.