Еңбек шартында мынадай міндетті шарттар болуға тиіс:
- тараптардың деректемелері, мамандықтар, жұмысты орындау орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыс және демалыс уақыттарының режимі, еңбекақы мөлшері, еңбек жағдайлары және т. б.
Шартта жалақының немесе сағаттық мөлшерлеменің мөлшері белгіленуі керек. Үстеме уақытқа, лауазымдарды қоса атқару және түнгі уақыттағы жұмыстар үшін қосымша ақылар бөлек есептеледі.
Еңбек шарты жазбаша түрде жасалынып тараптармен қол қойылады. Еңбек шартының бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады.
Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.