ҚР Конституциясының 24-бабының 1-тармағына сәйкес «әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар». Еңбек бостандығы, ең алдымен, әр адам өзінің жұмыс күшін дербес басқаруға, белгілі бір азаматтың кәсіби дайындығына, мүдделеріне, мүмкіндіктері мен тілектеріне сәйкес қызмет түрін, кәсібін таңдауға құқылы.
Осыған байланысты ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма), Еңбек кодексінің 17-бабына сәйкес, келесі міндеттері бекітілген:
Бақылау ҚР Кәсіпкерлік Кодексі шеңберінде жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің немесе мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жұмыс берушілерде жүзеге асырылады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексеру жүргізу үшін өзгерістер енгізілді.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, жоспардан тыс тексерудің негіздерінің бірі сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары болып табылады.
Яғни, жазбаша өтінішке бұзушылықты растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Басқарма ұжымдық шарттардың, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүзеге асырады; өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізеді және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді; еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды; жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша өтініштерін қарайды; еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді; жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сақтау және қорғау, заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
ХЕҰ-ның «Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек инспекциясы туралы» № 81 Конвенциясы еңбек инспекциясы жүйесіне келесі міндеттерді белгілейді:
1) еңбек инспекторларының аталған ережелердiң қолданылуын тиiстi қамтамасыз етуi қажеттiлiгiне қарай, еңбекшiлердiң жұмыс барысында, оларға еңбек жағдайлары және олардың қауiпсiздiгi саласындағы заң ережелерiн, мәселен, жұмыс күнiнiң ұзақтығы, жалақы, еңбек қауiпсiздiгi, денсаулық сақтау мен әл-ауқаты, балалар мен жасөспiрiмдердiң еңбегiн пайдалану туралы және басқа да осындай мәселелер жөнiндегi ережелердi қолдануды қамтамасыз ету;
2) кәсiпкерлер мен еңбекшiлердi техникалық ақпаратпен және заң ережелерiн сақтаудың барынша тиiмдi құралдары туралы кеңестермен қамтамасыз ету.