Тергеп-тексеру қорытындысы
2026 жылы 08 қаңтарда «Элхон» ЖШС-ның жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін Департамент комиссия құрып, арнайы тергеп-тексеру жүргізді және нәтижесі бойынша өндіріспен байланысты деп танылды.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 190 бабының 10 тармағына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмесін Глубокое ауданының полиция бөліміне жолдады.