Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: А жұмыскері 2024 жылы 05 шілдеде сағат 13:00-де ЖШС күнбағыс өнімімін көруге келген.
А жұмыскері ЖШС – ның өткізу пунктінде рұқсаттама қағазын алып, дайын өнім қоймасының басшысымен бірге №2 қоймаға қарай кеткен.
Сағат 13:05-те жұмыскер А өзін нашар сезініп, бұл туралы еріп жүрген Б-ға хабарлады. Б еріп жүруші А жұмыскерін қауіпсіз жерге апарып фельдшерді шақырды.
Сағат 13:10 жұмыскер А күзетшілердің автокөлігімен медпунктке жеткізіліп, оған фельдшер медициналық көмек көрсетті. Сол кезде еріп жүруші Б жедел жәрдем шақырды.
Сағат 13:40 ЖШС аумағына жедел жәрдем келіп, А жұмыскеріне көмек көрсетті. Сағат 13:58 жедел жәрдем дәрігері А жұмыскердің өлімін анықтады.
Себептері: Зардап шегушінің жүрек функциясының жетіспеушілігінен денсаулығының кенеттен нашарлауы.