Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: 2024 жылғы 25 мамырда екінші ауысымда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қоректендіргіш машинисі, А жұмыскері конвейерге қызмет көрсету туралы ауысымдық тапсырма алды. А жұмыскері түскі асқа дейін конвейерлердің жұмысы кезінде ықтимал ескертулердің бар-жоғын, тазалау құрылғыларының жай-күйін және кен материалының төгілуінің бар-жоғын транспортерлерді кезекпен қарап шықты. А жұмыскері конвейерді тексеру кезінде транспортерлік таспаның тазартқыш құрылғыларының жұмысы туралы ескертулер анықталған жоқ.
А жұмыскері дренаждық сорғы алаңында су жинауды аяқтағаннан кейін асханаға тамақтану үшін бет алды.
Асханаға барып келгеннен кейін А жұмыскері жұмыс орнына барып, транспортерге жақындаған кезде тазартқыш құрылғы (пышақ) конвейер таспасының бос тармағын жабысқан кен материалынан жеткілікті түрде тазартпайтынын байқады.
Сағат 13:05-те конвейердің транспортерлік таспасының тазартқыш құралын реттеу үшін А жұмыскері металл аспапты пайдаланып тазартқыш құралын реттеу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте А жұмыскері ауысым мастеріне тазалау құрылғысын реттеу қажеттілігі туралы хабарлаған жоқ.
Конвейерді тоқтатуға өтінімдер журналында конвейерді ажыратуға өтінім жасамай, конвейерді тоқтатпай, А жұмыскері тазалау құрылғысын металл аспапты пайдаланып жоғары көтеріп реттеуге кірісті. Тазалау құрылғысын көтерілген кезде ломның ұшы конвейердің айналмалы барабанымен ілініп, нәтижесінде А жұмыскері ұстап тұрған лом қолынан шығып кетіп, оң жақ бетінен соқты. Нәтижесінде А жұмыскері ауыр жарақат алды.
Себептері: Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы. Жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.