Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: 2024 жылғы 24 мамырда қызметкер А бас дәрігер бекіткен 2024 жылдың мамыр айына профилактикалық бөлім қызметкерлерінің ауысымдық кестесіне сәйкес жұмысқа келіп (күндізгі ауысымда сағат 7.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді), сағат 7.00-де мекеме гардеробындағы арнайы киімдерді киіп, тазалау құралдарын (шелек, шүберек, швабра) алып, профилактикалық бөлімшенің емдеу бөлмесіне терезе жууға барады. Сағат 07.15-те емдеу бөлмесінде терезені жуып бастайды, содан кейін терезелерді құрғату үшін терезе төсенішіне шығады, құрғатып болған соң терезе төсенішінен орындыққа, содан еденге түсе бастайды, түсу барысында қызметкер А тепе-теңдікті жоғалтып еденге сол қолыммен құлайды, нәтижесінде қызметкер ауыр жарақат алды.
Себептері: Жәбірленушінің өрескел абайсыздығы. Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы