Зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы

2024 жылғы 14 маусымда 08 сағат 00 минутта электромонтер Б. және дублер-электромонтер А. ауысымды қабылдады. Осылайша, А. өзінің еңбек міндеттеріне кірісті.

Сағат 13.00 - де электромонтер А. темекі шегетін жерге барды. Осы уақытта сол жерде күзетші С. болды.

10 минуттан кейін күзетші С. электрмонтер Б.-ны темекі шегетін жерге айқайлап шақырды. Сол жерге келген электромонтер Б. электромонтер А. ес-түссіз жерде жатқанын, күзетші С. басын ұстап тұрғанын көрді. Киімді басының астына қойып, электромонтер Б. болған оқиға туралы жедел-диспетчерлік тобының кезекші диспетчеріне дереу хабарлап, жедел медициналық көмекті шақыруды сұрады.

Шамамен 13 сағат 25 минутта оқиға орнына жедел медициналық көмек бригадасы келді. Электромонтер А.-ны тексергеннен кейін, медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

Жазатайым оқиғаның себептері: Зардап шегушінің жүрек функциясының жетіспеушілігінен денсаулығының кенеттен нашарлауы.

 

Дата публикации
28 августа 2024