Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: Жұмыскер А ауысымға кірісті, кәсіпорынның медицина қызметкерінде ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтті, денсаулығына шағым болған жоқ. Келесі күні ауысым қызметкері келіп, А. қызметкерін іздей бастады да, оны жауын суын ағызатын құдықтан тапты. Оқиға туралы дереу директорға хабарлап, полиция қызметкерлері шақырылып, қайтыс болу фактісі тіркелді.
Себептері: Комиссия барлық материалдарды зерттеп, өлім тыныс алу жетіспеушілігінен және бас миының ісінуінен, зардап шегушінің қанында - 1,6 промилле және несепте - 1,65 промилле этил спиртін табумен расталған алкогольді пайдалануы салдарынан болған обтурациялық механикалық асфиксия салдарынан болған деген қорытындыға келді.