Зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы

Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: 2024 жылы 31 қаңтарда сағат 17:15-те құрылыс вагонында күзетші арналған үй-жайда болған кезде күзетші өзін нашар сезінді, туыстарына ұялы телефон арқылы хабарлап, жұмысқа келуін өтінді. Сағат 17:25-те туыстары оған хабарласа алмады, жолда олар патрульдік полиция көлігімен кездесіп, олармен бірге жүруді өтінді. Жұмыс орнына келген туыстары мен полиция қызметкерлері вагонда күзетшіні қайтыс болғанын көрді. Жедел медициналық көмек, тергеуші және медициналық сарапшы дереу шақырылды.

Бұл жерге келген маман дәрігер тексеру жүргізіп, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ екенін хабарлады.

Себептері: Жазатайым оқиғаға ұйқы безінің қатерлі ісігі салдарынан зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы себеп болды.

Дата публикации
26 августа 2024