Жазатайым оқиғаның қысқаша мән-жайлары: 2024 жылы 18 наурызда монтаждалған адаптерге жаңа стопор орнату қажет болды, бұрын әкелінген стопор экскаватордың кабинасында жатты.
Сағат 14:20 шамасында А. жұмыскері экскаватор кабинасына көтеріліп, қозғалтқышты іске қосты, стопорды орнату үшін ковшты тұрақ орнына бұрып, стопорды Б. қызметкеріне берді.
А. жұмыскері қозғалтқышты өшіріп, кабинаның есігін ашып, екі қолымен сол жақ тұтқадан ұстап, шынжыр табанды лентаға сүйену үшін оң аяқты түсірді, шынжыр табанды лентада бұрылған кезде А. жұмыскерінің аяғы сырғып кетіп, зардап шегушінің жерге құлауы орын алды.
Б жұмыскер зардап шегушіге жерден аяғына тұруға көмектесті. А жұмыскері өз бетінше жүре алмағандықтан, Б және В жұмыскерлері зардап шегушіге вагонға жетуге көмектесті.
А. қызметкері басшыға қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлады.
Себептері: Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы. Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы.