2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобының ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (ары қарай - Басқарма) басшысының 2022 жылғы 31 наурыздағы №42-ө бұйрығы негізінде, 2022 жылғы 01 сәуір мен 21 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (2021 жылғы 01 қаңтар мен 2022 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезең).