2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды
2019 жылы "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" жылын өткізудың жол картасы2019 жылы "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" жылын өткізудың жол картасы
2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды
Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 адамға немесе 1% -ға азайды.
Жұмыс орынында жазатайым жағдайлардан зардап шеккендердің коэффиценті 1000 адамға шаққанда 0,309 құрады.
Өндіріс салалар бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен және металлургия өнеркәсібінде 56 адам, бюджеттік ұйымдарда 47 адам, шағын бизнес ұйымдарында 27 адам, құрылыста 23 адамды құрап отыр.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды – Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы деп жариялады.
«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылының» негізгі міндеттерінің қатарында:
- еңбек жағдайын жақсарту;
- өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту;
- «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» аясында ақпараттық кампаниялар өткізу.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жылы» аясында бірқатар іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.