GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БОЛЖАМЫ

https://www.gov.kz/org/vko-ekonomika/documents/details/1085724?lang=kk

19 октября 2026
Шығыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылар

Шығыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар- қыркүйек  айларына

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2 584,1 млрд. теңге құрады. 2025 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 94,3%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 386,5 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 103,4%.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар  632,1 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 108,4%.  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 341,7 млрд. теңге құрады. Нақты көлем индексі – 115,2%.

102,8% өсу қарқынымен 216,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 053,2 млрд. теңгені құрады.                  Нақты көлем индексі – 100,8%. 

Әлеуметтік сала.

2026 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.

2026 жылғы қаңтар-маусым айларында орташа айлық номиналды жалақы                444 711  теңге құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 9,1%-ға жоғары.

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)

 

 

10 сентября 2026
СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА 2025 ГОД

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАСПОРТЫ

08 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.

Талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты қамтамасыз ету.

12 января 2026
Баспасөз хабарламасы WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.


Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес (https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikam-poluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/, https://www.securitylab.ru/news/567291.php, https://securitymedia.org/news/list/ataka-ghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.

Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.

Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.

«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.

Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:

- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.

Бір қатенің құны - Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.

29 декабря 2025
Итоги социально-экономического развития Восточно-Казахстанской области за январь-ноябрь 2025 года

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3 003,2 млрд. теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 94,4%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 519,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,2%.

Негізгі капиталға инвестициялар 686,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 113,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 379,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 111,5%.

105,3% өсу қарқынымен 286,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымың көлемі 1 164,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,3%. 

Әлеуметтік сала.

2025 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық номиналды жалақы  403 158  теңгені құрды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 9,5%-ға жоғары.

 

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)

 

 

19 ноября 2025
Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар- қазан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2 671,6  млрд. теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 95,1%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 418,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,1%.

Негізгі капиталға инвестициялар 599,7  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 114,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 325,5  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 113,4%.

104,9% өсу қарқынымен 240,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымың көлемі 1 050,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,3%. 

Әлеуметтік сала.

2025 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық номиналды жалақы  403 158  теңгені құрды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 9,5%-ға жоғары.

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)

Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар- қазан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

13 ноября 2025
Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 2025 жылғы 3 тоқсандағы ішкі өңірлік талдау көрсеткіштері

Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша тоқсан сайынғы ішкі өңірлік талдау жүргізу шеңберінде өңірлер әкімдерінің қызметі 21 көрсеткіш бойынша бағаланады.

2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 13 қала мен ауданнан:

- жоғары даму қарқыны (1-4 орын): Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын және Зайсан аудандары;

- орташа даму қарқыны (5-9 орын): Тарбағатай, Ұлан, Алтай, Күршім аудандары және Өскемен қаласы;

- төмен даму қарқыны (10-13 орын): Самар, Шемонаиха, Глубокое аудандары және Риддер қаласы.

Самар ауданы – 10 орын. Өнеркәсіптік өндірістің, негізгі капиталға инвестициялардың НКИ-і, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесі, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістер көлемдерінің өсу қарқыны, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі және қалалар/аудандар әкімдерінің KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Шемонаиха ауданы – 11 орын. 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылықтың, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі және KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Глубокое ауданы – 12 орын. Негізгі капиталға инвестициялардың, жеке инвестициялардың, құрылыс жұмыстарының НКИ-і, тұрғын үйді пайдалануға берудің, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістер көлемдерінің өсу қарқыны, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі және KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Риддер қаласы – 13 орын. Өнеркәсіптік өндірістің, өңдеу өнеркәсібі өнімінің, жеке инвестициялардың, бөлшек тауар айналымының НКИ-і, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, 10 мың тұрғынға қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейлерінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі және әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі көрсеткіштерінің төмен мәндері.

20 октября 2025
Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша оқыту сабағын өткізді

2025 жылғы 20 қазанда аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Е.Беккужина Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлерімен қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша оқыту сабағын өткізді. Тренингте қызметкерлер жұмыс барысында кездесуі мүмкін нақты өмірлік жағдайлар талқыланды.

17 октября 2025
Шығыс Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Шығыс Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Шығыс Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдау туралы

Шығыс Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы