Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады. Осы бағыт шеңберінде басқарма коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар жобаларының тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының және концессиялардың, оның ішінде бизнес-жоспарлардың конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар дайындайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуметтік мәселелерді шешу үшін еліміздің экономикасына инвестициялар тартудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы күні Шығыс Қазақстан облысында 24,5 млрд. теңгеге 53 МЖӘ жобасы іске асырылуда.

МЖӘ жобалары бойынша Өскемен қаласында 865 орындық 4 балабақша іске қосылды.

 Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында МЖӘ шеңберінде Өскемен қаласында «Сергек» фотовидеофиксация және бейнеаналитика жүйесі іске қосылды.

Қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құра отырып, Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүруді бақылау мен төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

МЖӘ жобаларын іске асырудағы басымдық мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді талап етпейтін шарттарға бағытталған. Бүгінгі күні бюджеттен 1,1 млрд. теңгеге 44 шарт төлеуді талап етпейді (41 – Өскемен қалаларының мектеп асханаларын жаңғырту және қызмет көрсету бойынша, 1-Риддер қаласындағы «Дельфин» балабақшасын сенімгерлік басқаруға беру, 2-мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша: «Ұлан орталық аудандық аурухана» КМҚК ғимаратының бір бөлігі және «Қызыл ту» паром өткелі кешені).

Дата публикации
30 апреля 2020
Дата обновления
30 апреля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
28 сентября 2023
Стратегическое планирование
28 сентября 2023
Отчеты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы