Меню

Страницы

Статья

Бюджеттік саясат

Бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан әрі өсуін қолдауға бағытталған.

Жаңа бюджеттік саясаттың тұжырымдамасына сәйкес орта мерзімді кезеңде бюджеттік саясат пен шығыстардың жаңа бастамалары әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға және мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі міндеттері:

- азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту;

- мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту;

- әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру;

- өңірлік даму;

- «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдау;

- «Ауыл – Ел бесігі» жаңа арнайы жобасын іске асыру;

- Президенттің «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру;

- аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

- білім беру, денсаулық сақтау, қолжетімді тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салу және қайта жаңарту;

- халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау нысандарын салу;

- жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын дамыту.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандыру үшін облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар енгізілген.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады. Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджеттік саясатты түзету бойынша, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

Дата публикации
15 апреля 2020
Дата обновления
15 апреля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
28 сентября 2023
Стратегическое планирование
28 сентября 2023
Программы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы