2020-2021 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
2020 жылы Қазақстан экономикасы коронавирустың таралуын болдырмау бойынша шектеу шараларына байланысты күрделі жағдайларда дамыды. Әлемдік сауда ағындары қысқарды, іскерлік белсенділік айтарлықтай баяулады. Негізінен шағын және орта бизнес жұмыс істейтін қызмет көрсету саласы зардап шекті.