
ШҚО-да білікті республикалық теологтарды, дінтанушылар мен психологтарды қатысуымен, 28 қазан мен 1 қараша аралығында халықтың діни сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар өтті.
Өткізілген іс-шаралар барысында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша семинарлар, курстар, облыстың қалалары мен аудандарында халықпен, жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды. Азаматтарға Қазақстан аумағында тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, халықтың мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы ақпарат берілді.
Ұйымдастырушылардың өздері түсіндіргендей, халықпен кездесулер оң нәтиже береді, тұрғындар көптеген сұрақтарға жауап алады, бұл өте маңызды.
Айта кетейік, аталған іс-шаралар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша өтті.