
2024 жылдың 18 қазанында Рухани келісім күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиевтің қатысуымен «Конфессияаралық келісім–рухани бірлік негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға өңірдегі барлық діни бірлестік басшылары, теологтар мен дінтанушылар қатысып, баяндама жасады.
Ербол Жолдаспекұлы облыстағы діни бірлестіктердің рөлі мен маңызын ерекше атап өтті.
Көпұлтты елімізде, соның ішінде Шығыс Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде.
Бұл ретте діни бірлестіктер ауқымды жұмыс атқаруда.
Этносаралық достықтың мызғымас үлгісін орнатты, - деді облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында.