
Шара барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, интернеттегі алаяқтық, жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид, маскүнемдік, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Клуб отырысына ШҚО полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қатысып, отбасындағы жанжалдан туындайтын қылмыстық әрекеттер, интернеттегі алаяқтық туралы ақпарат жеткізді. Сонымен қатар облыстағы барлық конфессия өкілдерінің ортақ іс-әрекеттері негізінде бірлесе нәтижелі іс атқарылатынын сөзге тиек етті. Клуб отырысына шақырылған аймақтық діни бірлестік басшылары ортақ міндетіміз – ұлтаралық татулықты нығайтып, конфессияаралық достықты нығайтудың маңызын тағы бір мәрте айқындап өтті.
https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/media/details/46289?lang=kk