1 наурыз - Алғыс айту куні

1 наурыз - Алғыс айту куні

Бүгін, көктемнің бірінші күні Қазақстанда ізгілік пен жылулыққа толы мерекелердің бірі-Алғыс айту күні атап өтілуде.
Тарихымызды парақтасақ, талай қиын-қыстау күнді басынан өткерген халқымыз ұлттық болмысын жоғалтпай, көршіге тату, жасампаздықты ту етіп, беделі биік мемлекет құра білді. Бұл асқан жомарттықтың, көрегенділік пен руханилықтың белгісі. Яғни, Алғыс айту күні бейбітшілік пен келісімнің символы және жалпыхалықтық сипатқа ие. Қазақстандық қоғамның рухани және мәдени өмірінің мызғымас бөлігіне айналды. Алғыс айту күні-бұл біздің тарихымыз туралы ғана емес, сонымен қатар айқын болашағымыз туралы, асқақ мақсаттарға жететін халықтың мызғымас байланысы туралы.
Еліміздің барлық тұрғындарын Алғыс күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін.
Осындай айтулы күні жақындарымызға, туғандарымыз бен Отанымызға алғыс айтудан тайынбайық!