Студенттермен кездесу өтті

Студенттермен кездесу өтті

Жоғары оқу орындарымен жасалған ортақ ықпалдастық меморандумы аясында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары 25 және 28 ақпан күндері Өскемен қаласындағы ҚАЕУ мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенттерімен кездесіп, өзекті мәселелерге тоқталып, жастардың көкейдегі сауалдарына жауап берді.

Бүгінгі таңда қоғамымызда діни экстремизм мен терроризм мәселелері өте өзекті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жастардың теріс діни ағымдардағы рөлі артып келеді. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары тұрақты түрде жастармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осы мақсатпен өткен кезекті кездесуде университет студенттері оқылған дәрісті жоғары қызуғышылықпен тыңдап, дін мен саясат мәселелеріне қатысты өз сауалдарын қойды. Кездесу ер балалар мен қыздарға бөлек екі аудиторияда өтіп, еркін түрде әңгіме-сұхбат өрбіді. Орталық мамандары Ернұр Қанапиянов пен Айгерім Ерболатқызы жастардың ойларын тыңдап, діннің заңды түрде реттелуі туралы кеңінен әңгімеледі.

Дәріс соңында студент жастар аталмыш кездесулерді жиі өткізіп тұруға ұсыныс білдірді. Атап айтсақ, меморандум аясында аталмыш кездесулер жоспарлы түрде жалғасатын болады.